Жаһан: Италия халқы азайып және қартайып барады (видео)
Жаһан: Италия халқы азайып және қартайып барады (видео)
8 жыл бұрын 4781 24.kz polsergmich.blogspot.com khabar.kz

Италия халқының саны азайып, оның үстіне қартайып барады. Бұл туралы осы елдегі Ұлттық статистика институтының демографияға арналған баяндамасында айтылған. Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы 60 млн 700 мың тұрғын есепке алынған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 139 мың адамға кем. Бұдан басқа, елде бала туу саны да едәуір азайған. Есесіне, жастарға қарағанда қарттардың үлесі басым. Осылайша, Италия Жапония мен Германияны қосқанда әлемдегі ең жылдам қартайып бара жатқан ұлттардың қатарына кірді. Сонымен бірге, 2003-2014 жылдар аралығында зейнеткерлер саны 4 есеге артқан. Мамандар Италиядағы қазіргі әлеуметтік қорғау үдерісі Еуропадағы ең тиімсіз жүйелердің бірі деп отыр.

Перуде дәстүрлі бұқалар күресінің фестивалі өтуде (видео)

Мейрамның алғашқы үш күнінде 23 адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Арасында 9-ы ауыр хәлде. Ал 38 жастағы Браулио Кисе Лунаның жағдайы аса қауіпті деп бағаланып отыр.  Жергілікті билік ел аумағындағы емханаларға жарақат алған халыққа көмек беруге дайын болуға тапсырма берді.  Халыққа үлкен зардап әкеліп, адам өмірін қиятынына қарамастан, өңірде бұл фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде бір апта бойы өтеді. Бұқалар сайысы Перуден бөлек, Колумбия мен Мексикада заңдастырылған.

 

0 пікір
Мұрағат