Жағымды ақпаратқа тарылып, жағымсыз деректі асыра көрсетуді әдетке айналдырды
Жағымды ақпаратқа тарылып, жағымсыз деректі асыра көрсетуді әдетке айналдырды
7 жыл бұрын 2606

Еуропа мен АҚШ-та араб елдерінен келген мұсылмандардың санын бірнеше есе өсіріп, асыра көрсетілетін болып жүр. Тіпті, бұл батыс елдерінің әдетіне айналды десек те болады. Кәрі құрлық пен Атлант мұхитының арғы жағалауындағы алып елде осы тақырыпта зерттеу жүргізген Ipsos MORI агенттігінің дерегіне қарағанда, америкалықтар елдегі мұсылмандар қарасы 17 пайызды құрайды деп санайды. Ал шындығына келгенде, Pew Research мәліметі бойынша бұл елдегі мұсылмандар үлесі 1 пайыздан аспайды екен. «Мұсылмандар қаптап барады» деп екі күннің бірінде дабыл қағатын исламофобтар әдейі асыра көрсетіп жүр ме, әлде америкалықтар шынымен жаңылысты ма, ол жағын өзіңіз сараптай жатарсыз. Бірақ, нақты санға шаққанда, АҚШ-та америкалықтар ойлағандай 55 млн мұсылман емес, бар-жоғы 3,3 мұсылман өмір сүріп жатыр. Бұл жайында Miami Herald ақпарат көзі хабар таратты. Тіпті, аталмыш зерттеу жүргізгендер америкалықтарға 2020 жылға қарай елдегі мұсылмандар санына қатысты болжам жасауға ұсыныс білдірген екен. Бұл жолы да америкалықтар ескі әдетінен танбай, тағы асыра бағалап жіберген: 23 пайыз. Ал әлеуметтанушылардың дерегі бойынша - 1,1%. Бр қызығы, Түркия және Индонезия секілді мұсылман елдері керісінше мұсылмандар санын кемітіп көрсеткен. Ішінара алғанда, түріктер 17 пайызға кем есептеген. 

0 пікір
Мұрағат