Израил келесі кезекте қай араб елдерімен қатынас орнатуы мүмкін
Израил келесі кезекте қай араб елдерімен қатынас орнатуы мүмкін
4 жыл бұрын 2193 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда ғана Біріккен Араб Әмірлігімен дипломатиялық қатынас (сайтымыздың жаңалықтар таспасынан қараңыздар: "Тағы бір араб елі Израилмен қатынас орнатты". Сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-arab-eli-izrailmen-qatynas-ornatty-13989/#gsc.tab=0) орнатып, әлемді елең еткізген Израил билігі келесі кезекті қандай мұсылман елдерімен қатынас орнатуға ниетті екенін мәлімдеді. Палестинаға басқыншылық саясаты үшін Түркия, Иран, Малайзия секілді араб емес мұсылман мемлекеттері Біріккен Араб Әмірлігінің Израилмен жақындасуын опасыздыққа балап, стратегиялық қателік жібергені турасында айыптап жатқанда Израилмен қатынас орнатқан БАӘ-нің бұл қадамына Бахрейн мен Оман елдері қолдау білдірген еді. Осыған байланысты Израилдің барлау министрі Эли Коэн (фото-суретте - ред.) израилдік бұқаралық ақпарат құралдарына берген ашық сұхбатында аталған араб елдерімен қатынас орнатуды көздеп отырғанын жария етті. 

0 пікір
Мұрағат