ИЫҰ мүше елдердің 15-ші сауда жәрмеңкесі өтеді
ИЫҰ мүше елдердің 15-ші сауда жәрмеңкесі өтеді
8 жыл бұрын 3862

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 22-26 күндері Сауд арабиясының астанасы – Әр-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 15-ші сауда жәрмеңкесі өтеді. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат ИЫҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, инвестиция тартуды ынталандыруға саяды. Бұл жәрмеңке, сондай-ақ, өз кезегінде мұсылман елдерінің бизнесмендер мен кәсіпкерлерінің бір-бірімен танысуына, байланыс орнатуына, тәжірибе алмасуына, келісімге келуіне жағдай жасайды. 

0 пікір
Мұрағат