ИЫҰ бас хатшысы: мұсылман елдеріне ортақ, бірыңғай халал стандарты керек
ИЫҰ бас хатшысы: мұсылман елдеріне ортақ, бірыңғай халал стандарты керек
9 жыл бұрын 3767

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ийад Амин Мадани (Iyad Ameen Madani) осы ұйымның негізінде исі мұсылманға ортақ, бірыңғай халал стандарты керектігіне тоқталды. Дәлірегі, халал сертификатын беретін құзырлы орын құруды ұсынды. Бұл жайында MuslimEco.ru сайты Bernama ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, әлемдік халал индустриясын бір орталықтан басқару керек. «Тек осы ұйымға мүше елдер ғана емес, сонымен қатар, сауда-өнеркәсіп палаталары  да осы іске тартылуы керек. Өйткені, олардың да мүддесі бар»,- деді ол сөзін толықтырып. Аталмыш іргелі ұйымның бас хатшысының сөзіне қарағанда, ИЫҰ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия бермейді, әлем елдерінде сертификат беретін орталықтар құрып, олардың жұмысын қадағалайтын болады. Яғни, бірыңғай стандарттың сақталуын қадағалайды. ИЫҰ өткен жылы мұсылман елдерінің стандарттау және метрология институтына бірыңғай халал стандартын әзірлеуге тапсырма берген болатын.

0 пікір
Мұрағат