Иудей мен мұсылманның "махаббатына" қалай қарады? (ВИДЕО)
Иудей мен мұсылманның "махаббатына" қалай қарады? (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2675

Бір топ мұсылман жастары наным-сенімі бөлек адамдардың некесіне америкалықтардың қалай қарайтынын байқап көрмек болып, әлеуметтік тәжірибе жүргізді. Тарқатып айтқанда, америкалықтардың қалай қарайтынын байқап көру үшін Аляудин Шехаде есімді мұсылман жігіті иудей-хасид сияқты киініп, шариғат шәлісін жамылған әйелмен қол ұстасып, Нью-Йорк мегаполисінің көшелерін қыдырса, мұсылманша киінген Мо Захри иудейше киінген әйелмен серуен құрған. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Жас жұптар мұсылмандар, содан соң иудейлер тұратын кварталдарды аралаған. Мұсылман кварталында оларға таңдана қарағандар қарасы көп болды, тіпті, бұрылып қарағандары да болды, алайда, жас жұптарды ешкім сөккен жоқ. Ал иудейлер кварталында жас жұптарға тіл тигізіп, балағаттағандар көп болған.

0 пікір
Мұрағат