Исламофобиялық қылмыс көрсеткіші - 326%
Исламофобиялық қылмыс көрсеткіші - 326%
8 жыл бұрын 2275

Соңғы жылдары әлемде пайда болғанына аз уақыт өтсе де қурап тұрған шөпке тиген өрт секілді шапшаң етек алған жат әдеттердің бірінен саналған исламофобиялық құбылыстың деңгейі туралы нақты мәлімет, яғни, статистикалық көрсеткіші жеткілікті деңгейде жарияланбай келгені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын британдық құқық қорғаушылар мен «Tell MAMA» мониторингтік ұйым толтырғандай болды: 2015 жылы жиналған деректер негізінде өткен жылы исламофобиялық қылмыстың 326%-ға артқаны белгілі болды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Guardian» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осынау жат құбылысқа қатысты атаулы қылмыстардың дені әйел мұсылмандарға қарсы жасалғаны да белгілі болды. Исламофобиялық қылмыстардың көбісі қоғамдық көліктер мен орындарда және білім беру мекемелерінде (шариғат шәлісін жамылғаны үшін оқудан шеттету) орын алған.

0 пікір
Мұрағат