Исламофобия мұсылмандардың ғана емес, өзге наным-сенімдегілердің де өмірін қиындатып отыр
Исламофобия мұсылмандардың ғана емес, өзге наным-сенімдегілердің де өмірін қиындатып отыр
8 жыл бұрын 2629

Батыс елдерінде етек алған исламофобиялық құбылыстан тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге тұрғындар да, атап айтқанда, сихктар да зардап шегіп отыр. Тарқатып айтқанда, АҚШ-та тұрғындардың дені мұсылмандар мен сихк өкілдерін ажырата алмайды. Сихктардың басына киіп алатын шалмасына қарап. Олардың бас киімі сихктердің символы болып табылатынын айта кету керек. Жуырда бұл елде әлеуметтік тәжірибе жүргізіліп, сихктің рөлін орындаған актер Варис Ахлювалия тілші Хасан Минхаджге қандай қиындықтарға, қолдан жасалған кедергілерге тап болғанын айтып берді. Дін атын жамылған лаңкестердің кесірінен мұсылмандарға қырын қарайтын америкалықтар басындағы шалмасын шешпегені үшін ұшаққа кіргізбегенін жеткізді. Бұл жайында «Vox» ақпарат көзі хабар таратты.  Онымен қоймай, елден бөлек оны екі рет тексеретінін де тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат