Иранмен соғыса қалған жағдайда НАТО Израилге көмектесуден бас тартады
Иранмен соғыса қалған жағдайда НАТО Израилге көмектесуден бас тартады
6 жыл бұрын 3229 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында Солтүстік Атлант әскери альянсының жетекшісі Йенс Столтенберг немістердің Der Spiegel ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлімдеді. Өйткені, оның айтуынша, Израил аталмыш әскери альянстың мүшесі емес. Сол себепті, НАТО құрамында болмағандықтан Израил қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Бұған қоса, НАТО-ға мүше елдердің арасында Иранның ядролық мәмілесіне байланысты ауызбіршілік болмай тұрғанын ескеру керек. Сондай-ақ, НАТО-ның Таяу Шығыс аймағындағы жанжалға осы уақытқа дейін араласпағанын, алдағы уақытта араласпайтынын жеткізді ол. Естеріңізде болса, мамыр айының 7-і күні Израил премьері Биньямин Нетаньяху Шам жерінде еврей мемлекетін мойындамаған ирандықтардың жүргеніне, тіпті, бұл соғысқа алып келсе де төзбейтінін мәлімдеген еді.

0 пікір
Мұрағат