Иран фермерлері биыл 2,6 млн тонна күріш өндірген
Иран фермерлері биыл 2,6 млн тонна күріш өндірген
5 жыл бұрын 2223 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ирандық фермерлер биыл, яғни, 2019 жылдың наурыз айының 21-нен бастап, 2,6 млн тонна күріш жинап алған. Бұл жайында шиғалар елінің күріш қауымдастығының хатшысы Жәміл Әлізада Шайек мәлім етті. Парсы елініңIRNA ақпарат көзі хабарлағандай, ирандықтар жылына 3 млн тоннадай күрішті тұтынады. Осыған байланысты биыл 400 мың тонна күрішті сырттан тасымалдауға, яғни, импорттауға тура келеді. Бір жылдағы сұранысты қанағаттандыру үшін. Алайда, кеден дерегі көрсеткендей, осы жылдың алғашқы тоқсанында (наурыз айының 21-нен маусым айының 21-не дейін) өзге елдерден 700 мың тоннаға тарта күріш тасымалданған. Аталған елдегі күріштің 90 пайызы Иранның солтүстігінде орын тепкен Гилиан және Мазендаран провинцияларында өндіріледі. Ал қалған 20 пайызы Исфаһан, Илам, Хузестан әне Күрдістан првинцияларында өндіріледі. Ресми статистикалық мәліметке қарағанда, күллі ел аумағында күріш өсірілетін жердің ауданы 620 мың гектардан асады.

0 пікір
Мұрағат