Иран АҚШ-ты халықаралық сотқа бермек
Иран АҚШ-ты халықаралық сотқа бермек
8 жыл бұрын 2933

Иран өзінің бұғатталған 2 млрд доллар активін пайдаланғаны үшін АҚШ-ты халықаралық сотқа бермек. Бұл жайында Иран президенті әкімшілігінің халықаралық құқық орталығының өкілі Мұхаммед Жаһрами мәлімдеді. Бұрын АҚШ-тың Жоғарғы соты Иранның бұғатталған екі млрд долларын қайтарудан бас тартқан еді. 1993 жылы Бейрутте орын алған жарылыс пен өзге де терактілер құрбандарының туыстарына, яғни, осы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен америкалық отбасыларға өтемақы берілуі керек деген желеумен.  Бұл жайында  «Sputnik» агенттігі хабар таратты. Иран осылайша терактілерді желеу етіп, өзінің несібесіне ауыз салған АҚШ-тан қолды қалған ақшасын қайтарып алуға ниеттеніп отыр. Айта кетейік, 1000-нан аса америкалық азамат өздері жорамалдағандай Иран ұйымдастырды деген терактіде опат болған туыстары үшін өтемақы талап еткен болатын. Нақтарық айтқанда, Бейрутте орналасқан америкалық бітімгершілік күштерінің казармасында 1983 жылдың қазан айының 23-і күні теракті орын алған болатын. Бұл терактіден 241 америкалық сарбаз опат болды. Бұл сарбаздар Ливандағы азаматтық соғыс кезінде  Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінің құрамында болған. АҚШ Мемлекеттік департаменті терроризмді қаржыландырып отырған мемлекеттер тізіміне енгізіп жіберген еді.

0 пікір
Мұрағат