Христиан елінде шариғат негізінде неке қидырғандар да алимент өндіріп ала алатын болды
Христиан елінде шариғат негізінде неке қидырғандар да алимент өндіріп ала алатын болды
6 жыл бұрын 2778 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлбританияда жоғарғы инстанция соты ел аумағында тұратын мұсылман әйелдердің бұрынғы күйеуінен алимент өндіріп алуына мүмкіндік беретін қаулы қабылдады. Бұған күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен мұсылман әйелдің өтініші себеп болған. Бұдан былай зайырлы қоғам заңымен емес, шариғат талаптары бойынша неке қидырып, кейін ажырсып кеткен ерлі-зайыптылар арасындағы баланың құқығы осылайшы қорғалмақ. Яғни, мемлекеттік арнайы тіркеуден өтпек, тек шариғи неке қидырған мұсылман әйелдер ендігі жерде бұрынғы күйеуінен алимент талап ете алатын болды. Аталмыш сот үкіміне сүйеніп. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Аталған сот күйеуімен 18 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір сүрген жергілікті мұсылман әйелдің өтінішін қарай келе осындай шешім шығарған. Нақтырақ айтқанда, жастары 46-ға келген Насрин Аһтер мен Мұхаммед Шабаз Ханның некесін Лондон қаласындағы мейрамханалардың бірінде имам қиған болатын. Алайда, жас жұбайлар мемлекеттік тіркеуден өтпеген екен. Аталған отбасының 4 баласы бар. 

0 пікір
Мұрағат