«Хиджабтың күші»: Ұлыбританияда хижабты әйелдерге арналған ескерткіш тұрғызылады (Фото)
«Хиджабтың күші»: Ұлыбританияда хижабты әйелдерге арналған ескерткіш тұрғызылады (Фото)
8 ай бұрын 3933

Қазан айында Батыс Мидлендс штатындағы Сметвик қаласында, әлемде бірінші рет хиджаб киген әйелдерге арналған жаңа ескерткіш пайда болады. Бұл туралы marieclaire.kz порталы BBC-ге сілтеме бере отырып хабарлайды. 

Ескерткіштегі мүсін «Хиджабтың күші» деп аталды. Мүсінші Люк Перридің айтуынша мүсінде: "дәстүрлі мұсылман әйелдерінің бас киімін» құрметтейтін әйел бейнеленген". Яғни, мүсіншінің сөзіне қарағанда аталмыш ескерткіш - Хижаб киген әйелдердің жеке таңдауларына құрмет көрсетудің символы болмақ. 

Биіктігі бес метр (16 фут), ал салмағы бір тоннаға жуық болатын ескерткіштің тұрғызылуына «Legacy West Midlands» қайырымдылық ұйымы мұрындық болған. Бұл ұйым Бирмингемдегі соғыстан кейінгі мигранттар қауымдастығының мұрасын сақтаумен айналысады.

 islam.kz

 

 

 

0 пікір
Мұрағат