Халық банкінде «ислам терезесі» ашылады
Халық банкінде «ислам терезесі» ашылады
3 жыл бұрын 3137 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның Халық банкі Ислами жекеменшік секторды дамыту жөніндегі корпорациямен (ICD) «ислам терезесін» ашу туралы келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасына сілтеме жасаған islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған келісім талаптарына сәйкес халық банкінде шариғи талаптар ескерілетін «терезе» ашылады. Өзбекстан республикасының халық банкі басқармасының етекшісі Фархад Саламовтың айтуынша, ICD — отандас мұсылмандарға қолайлы қызмет көрсетудің кең мүмкіндігі туып отыр. ICD бас директоры Айман Сежини ислами қаржыландыру жобасы ел экономикасының өсуіне жағымды әсер ету мақсатында қолға алынып отырғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат