Хагупит тайфунынан 2,4 млн адам зардап шекті (фото)
Хагупит тайфунынан 2,4 млн адам зардап шекті (фото)
9 жыл бұрын 2979

 Филиппинде Хагупит тайфунынан 2,4 миллион адам зардап шекті. Бұл жайында РИА Новости ақпарат таратты. Төтенше жағдайларда жедел әрекет ететін ұлттық кеңестің мәліметіне қарағанда, табиғи апаттан он адам зардап шеккен. Алайда, Халықаралық қызыл айшық қоғамының осы елдегі бөлімшесі басқа дерек келтіріп отыр. Олардың есебі бойынша тайфуннан 27 адам опат болып, 480 адам жарақат алған. Сондай-ақ, 900-ден аса үй зақымданып, 420-ға жуық үй жермен жексен болған. Тайфунның кесірінен су тасқыны мен лай көшкіні орын алған. Бұл өз кезегінде электр энергиясының ажырауына әрі байланыстың үзілуіне апарып соқтырды. Аталмыш ақпарат көзінің қосымша дерегіне қарағанда, Филиппинде маусым айынан желтоқсан айының аралығында болатын жауын маусымы кезінде жыл сайын шамамен 20 мәрте боран соғып, тайфун орын алады екен. Ел тарихында осыдан бір жыл бұрын орын алған Иоланда ("Хайянь" деген халықаралық атауы бар) супертайфуны кезінде опат болғандардың саны 6,3 мың адамнан асып кеткен болатын. Әлі күнге дейін сол тайфунда жоғалған мыңнан аса адамнан хабар-ошар жоқ. 4 млн адам сол кезде баспанасыз қалған болатын. 

Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
 
Фото ©AFP
0 пікір
Мұрағат