Исламофобтар мешіт құрылысына қалай қарсылық көрсетті?
Исламофобтар мешіт құрылысына қалай қарсылық көрсетті?
2 жыл бұрын 558

Автралияның астанасы – Сидней маңындағы қалалық кеңес орналасқан ғимараттың алдында исламофобтар мешіт құрылысына қатысты шу шығарып, өз наразылықтарын танытты. Бұл жайында  SBS ақпарат көзі хабар таратты. Қалалық кеңестің төрт мүшесі мешіт құрылысын жүргізуге қатысты бұрын көтерілген мәселені кейінге шегеру туралы ұсыныс білдірген болатын. Алайда, мешіт құрылысына қарсы шыққан сол төрт шенеуніктің бұл ұсынысын қолдамаған 10 шенеунік мұсылмандар құлшылық үйін салуды жақтап дауыс берген болатын. Мешіт тұрғызуға қарсы топ қалалық әкімдіктің алдында қолдарына «Шариғатқа жол жоқ дейміз», «Ислам – адамзатқа қарсы қылмыс» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шықты. Мешіттің тұрғыызылуын жақтайтындар да әкімдік ғимаратының алдына жиналып, «Нәсілшілдік қол емес, мұсылмандарға хош келдіңіздер дейміз» және «Нәсілшілдік – бостандық жауы» деген жазуы палкаттарды қолдарына ұстап шықты.

0 пікір