Хадистерді де заңмен қорғалатын қасиетті жазбалардың қатарына қосуды сұрады
Хадистерді де заңмен қорғалатын қасиетті жазбалардың қатарына қосуды сұрады
9 жыл бұрын 2874

Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қасиетті мәтіндерді экстремистік материал ретінде тануға тыйым салу жөніндегі заң жобасын мемлекеттік думаның қарауына енгізілгенін хабарлаған едік. Заңмен қорғалуы тиіс қасиетті мәтіндердің қатарында Құран, Інжіл, Танах және Ганджур бар. Осы бастамаға байланысты діннен хабары жоқ шенеуніктердің жүгенсіздігінен қорғайтын заң жобасына аталған қасиетті кітаптармен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) айтып кеткен өнегелі өсиеттерін де, яғни, хадистерін де енгізуді сұрады Ресейдегі мұсылман жетекшілері. Тарқатып айтқанда, жуырда қоғамдық ұйымдар ісі жөніндегі Думадағы комитет аталмыш заң жобасына қатысты арнайы жиын өткізген болатын.

0 пікір
Мұрағат