Германияда қанша мұсылман әскери борышын өтеп жүр немесе штатта имам қызметі қарастырылуы мүмкін
Германияда қанша мұсылман әскери борышын өтеп жүр немесе штатта имам қызметі қарастырылуы мүмкін
6 жыл бұрын 3636 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия мұсылмандары ел билігіне ұлттық армияға имам штатын енгізу турасында қолқа салды. Бұл жайында аталған елдегі мұсылмандардың орталық кеңесінің жетекшісі Айман Мацюек мәлім етті. Ол мұндай қадам интернационалдық саясатқа серпін беретінін алға тартып отыр. Айта кету керек, осыдан бірнеше жыл бұрын Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен армияда имам қызметі енгізулі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Алайда, айтылған сөз айтылған жерде қалып, ұмыт болған еді. 2017 жылдың қорытынды статистикалық мәліметі бойынша Германия халқының 6,1%-ын мұсылмандар құрап отыр. Неміс әскерінің түрлі салаларында ұзын саны шамамен 1,5 мың мұсылман сарбазы жүр.

0 пікір
Мұрағат