Еуропадан қанша адам Таяу Шығыстағы содырларға қосылған?
Еуропадан қанша адам Таяу Шығыстағы содырларға қосылған?
8 жыл бұрын 2884

Кәрі құрлықтан 4 мыңға тарта адам Ирак пен Сириядағы лаңкестер жағында соғысқан. Олардан дені Еуродаққа мүше елдерден. Бұл жайында "islam.kz" порталы «France-Presse» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған ақпарат агенттік өз кезегінде бұл деректі Гаагадағы терроризмге қарсы орталықтан алған. Мәлімет бойынша Таяу Шығыстағы содырларға барып қосылған еуропалық азаматтардың қарасы 3922-4294 адам аралығында. Олар түрлі уақытта шекара асып, бүлікшілердің қатарын толықтырған. Осылардың 2838-і Бельгияның, Ұлыбританияның, Германияның және Францияның азаматтары. Ал осы аталған елдердің арасында Таяу Шығысқа ағылған содырлар саны бойынша Бельгия көш бастап тұр. Таяу Шығыстағы ұрыс қимылдарына экстремистер жағында өз еріктерімен қатысқандардың 30 пайызы қайтып оралған. 14 пайыздайы соғыста опат болған. Таяу Шығыстағы бүлікшілерге барып қосылған еуропалықтардың 17 пайызын әйелдер құраған. 

0 пікір
Мұрағат