Еуропа Ресейден іргесін аулақ салады: шекарада дуал тұрғызылады
Еуропа Ресейден іргесін аулақ салады: шекарада дуал тұрғызылады
7 жыл бұрын 3846 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ЕО елдері Ресейден іргесін аулақ салатын болды. Ол үшін Балтық жағалауы елдері Ресеймен шекарасына бейне бақылау орнатылған, биіктігі үш метрлік дуал тұрғызылады. Шығыс Еуропа да Ресейді тек санкциямен ғана емес, сонымен қатар, дуалмен оқшаулауды жоспарлап отыр. Шекара, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшатын аппараттармен бақыланатынболады. Ал Украинаға келсек, 2015 жылы Ресей Қырым түбегін басып алғаннан кейін дереу дуал тұрғызуды бастаған еді. Шекарада дуал тұрғызу кез келген мемлекеттің қолынан бемейтін аса қымбат жоба. Бірақ, ел қауіпсіздігі үшін қажетті жобаға айналған бүгінде. Мәселен, Литва 44,6 шақырымға созылатын дуалдың алғашқы бөлігі 1,3 млн еуро қаражатты қажет етеді екен. Яғни, оның 1 шақырымы 30 мың еуроға салынады. Бұған дуалды қадағалау және басқа да қызмет шығындарын қоспағанда. Ресеймен арадағы шекараның барлық бойына дуал тұрғызу (135 шақырым) 3,5 млн еуроны құрайды. Ал Эстония Ресеймен арадағы шекараға дуал тұрғызу үшін негізінен ЕО есебінен жүзеге асырады - 108 шақырымға 71 млн еуро кетеді екен. Латвияның мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Нормундс Гарбарс биіктігі үш метрге жетпейтін дуалдан адам өтіп кете алатынын жеткізді. Яғни, мигранттарға да, заңсыз келімсектерге де, контрабандалық тауарларға да дуал кедергі емес. Десе де өз-өзін ақтай қоюы неғайбыл мұндай күмәнді жобаларға неге барып отыр? Өйткені, шекарадағы түрлі заңсыздықтарға тосқауыл қоюдың басқа жолы болмай тұр. Еуропа осылайша етек-жеңін қымтанып, қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Еуропа елдерінің Ресеймен арада мұндай дуал тұрғызудың символикамлық мәні басым екенін айтып отыр. Дуал тұрғызу арқылы Ресеймен байланысты үзгісі келетінін көрсетпек. 

Айта кететін жайт, соңғы уақытта жаһандану заманында, интеграция күшейген тұста елдер бір-бірінен дуал арқылы қорғануға көшкендей. Орта ғасырға тән қамал демесең, мәні соған саяды. Мәселен, 2004 жылы Израил Палестинамен арадағы 700 шақырыға созылатын шекараны дуалмен шегендеп тастады. Түркия 2014 жылы Сриямен арадағы 500 шақырымға созылған шекарасына дуал тұрғызып жатыр. Ал Сауд Арабиясы 2015 жылдан бері Иракпен арадағы 900 шақырымға созылған шекарасына дуа тұрғыза бастады. Ең ұзын шекара дуалы АҚШ пен Мексика арасындағы тұрғызылатын болды. 2006 жылы АҚШ президенті Джордж Буш "Қауіпсіз дуал туралы" заңға қол қойған болатын. Аталмыш заңда Мексикамен арадағы 1100 шақырымға созылған шекара сызығында биіктігі 4,5 метрге жететін дуал тұрғызу қарастырылған. Оның 1000 шақырымы тұрғызылды. 

0 пікір
Мұрағат