ЕРТЕ НЕКЕЛЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ
ЕРТЕ НЕКЕЛЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ
8 жыл бұрын 3226 e-islam

Қырғызстанда кәмелеттік жасқа толмай некелесуге заңмен тыйым салынды, деп хабарлайды AKIpress.

Республика президенті Алмазбек Атамбаев Отбасы және Қылмыстық кодекстеріне енгізілген өзгерістерге қол қойды. Жаңа заңда кәмелеттік жасқа толмай некелесу бойынша, имам мен ата-атаналарды жауапкершілікке тарту мәселесі енгізілген.

Депутат Аида Салиянова ұсынаған заң жобасы қазан айында Қырғыз парламентінде мақұлданған болатын. Депутаттардың 48-і заң жобасына қарсы болса, 60-ы қолдау білдірді.

Енді жаңа заң бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жастардың некесі қиылса ата-ана немесе қамқор тарап, сондай-ақ имам 3-5 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады. Заң мәтіні ресми жарияланғаннан бастап 30 күннен соң күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат