Еліміздегі ерлер әйелдерге қарағанда бес есе жиі суицид жасайды
Еліміздегі ерлер әйелдерге қарағанда бес есе жиі суицид жасайды
2 жыл бұрын 2336 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын елімізде мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсайды. Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы жиырма еллдің құрамында тұр. Дүүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түзген рейтинг бойынша. Құқықтық статистика комитеті мен ДДСҰ мәліметтері бойынша ер-азаматтар әйелдерге қарағанда бұл қадамға 4-5 есе жиі барады. Бұл жайында islam.kz порталы ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы суицид феноменін және оның ішінде ерлердің өзіне-өзі қол жұмсау құбылысын зерттегенде, ең алдымен, статистикалық жүйесі дамыған елдерде де толық деп санауға болмайтын деректердің болмауына байланысты бірқатар мәселелер туындайды. ДДCҰ өз есептерінде 1-ден 4-ке дейінгі индекстермен берілген деректердің сапасын бағалайды. Сапа индексі 1-ге тең елде өлім себебінің толықтығы мен сапасы жоғары бірнеше жылдық деректер бар. Индекс 2 деректердің орташа сапа проблемаларын білдіреді, индекс 3 - күрделі. Индекс 4 өлімді тіркеу деректерін қол жеткізу деңгейінің өте төмендігін немесе жарамсыз екенін білдіреді. ДДСҰ 2019 жылғы соңғы баяндамасында Қазақстандағы деректер сапасын 1 индекспен бағалады. Ал 2016 жылғы есепте Қазақстан 2 индекспен бағаланған болатын. Бұл көрсеткіш шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін айту қиын. Бағалау критерийлерінің бірі суицидтің себептерін анықтау болса, Құқықтық статистика комитетінің 2019 жылғы ресми мәліметтері бойынша Қазақстанда факторлардың 27 пайызы ғана анықталған. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылардың назары негізінен жасөспірімдер суицидіне ауып отыр. Бұл тақырыптың маңыздылығына қарамастан, соңғы бір жылда барлық суицидтердің тек 4%-ы ғана 18 жасқа толмағандар жасаған, бұл үрдіс жыл сайын қайталанады. Бұл тарапта ең алдымен ересектер арасында суицид көрсеткіші жоғары. Нақтылай әрі тарқатып айтсақ, еліміздегі барлық суицидтің 76%-ын 18-75 жас пен одан жоғары жастағылар жасаған. Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша 2021 жылы суицидке итермелеген факторлар арасында жалғыздық (27%) бірінші орында тұр, ал екінші орынға қаржылық қиындықтар, банкроттық, жоқшылық секілді экономикалық фактор жайғасқан, үшінші орында -  қарыз (28%). Қазақстанда 35-54 жас аралығындағы ер адамдар өз-өзіне қол жұмсауға бейім. 2015 және 2021 жылдар аралығында бұл топтағылар ерлер мен әйелдер арасындағы барлық суицидтердің үштен бірін құрады. Әлемде стреске ұшырағандарға қодау көрсететін Samaritans қайырымдылық қорының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл жастағы ер-азаматтар өзінің ер адамға тән болмысын қалыптастыру мен таныту үшін көп уақытын еңбек етуге арнайды. Бұл жастағы жұмыссыздық күйзеліске дейін апаруы мүмкін. Осылайша ер адамдар өмірінің ең бір кемеріне келген шағында сенделіп қалады – болашаққа деген сеніміне селкеу түсіріп, қауіпсіздігі мен тұрақсыздығына қатер төндіреді, отбасын асырау жауапкершілігінен өзін жегідей жеп, күйзеліске бой алдыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат