Дінді желеу етіп, енді азшылықты құрайтын ұлттарға ауыз сала бастады
Дінді желеу етіп, енді азшылықты құрайтын ұлттарға ауыз сала бастады
7 жыл бұрын 2398 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі өз жерінде отырған ұйғырларға қылбырауды қатайта түсті. Олардың дінін ғана шектеп қоймай (мұсылманша есім беруге, мемлекеттік қызметтегілерге намаз оқып, ораза ұстауына және өзге де діни парыздарын орындауға, т.б.) енді ана тіліне шабуылды күшейтті. Нақтырақ айтқанда, ұйғыр тілін мектеп бағдарламасынан алып тастады. Бұл жайында  The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, аталған ел аумағында 56 түрлі этникалық азшылықты құрайтын ұлт өкілдері тұрады. Олардың дені өздерінің ата-бабасынан аманат болып қалған атамекенінде отыр. Бастапқы сөзімізге қайта оралсақ, Хотан провинциясының білім беру мекемесі ұйғыр тілінде сабақ оқытуға тыйым салған. Оның орнына қытай тілінде білім беру қарастырылған. Яғни, бастауыш сыныптан баспа, орта білім беру кезеңінде де қытай тілінде оқытылатын болады барлық пәндер. 

0 пікір
Мұрағат