Депутат азаматтық туралы заңның «заңсыздығын» әшкереледі
Депутат азаматтық туралы заңның «заңсыздығын» әшкереледі
6 жыл бұрын 2604 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Біріккен тізім» атынан Кнессет депутаты, тегі араб Иүсіп Жабарин өткен жылдың мамыр айында алдын ала таныстырылған азаматтық туралы заң жобасын тас-талқан сынап, Израил конституциясына да, демокартиялық құндылықтарға қайшы келетінін дәлелдеді. Дәлелдеп қана қоймай, аталмыш заң жобасының баламасын да ұсынды. Аталған заң жобасында Израилді тек еврейлер мемлекеті деп тану қарастырылған. Депутат аталмыш заң жобасында осы елдегі азшылықты құрайтындардың мәртебесі мен құқықтары ескерілмегенін мәлімдеді. «Израил тұрғындарының жиырма пайызы бұл заңда ұмыт қалған. Аталған заң жобасын талқылағандардың бірде-біреуі еврей емес азшылықты құрайтындардың тағдырына бас ауыртпаған. Азшылықты құрайтындар неліктен кемсітушіліке ұшырауы тиіс?»,- деді ашынған депутат Аl-monitor ақпарат көзіне берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетейік, Израилдегі азшылықты құрайтын арабтар.

0 пікір
Мұрағат