Денсаулық саласы сын көтермейді... полиция дәрменсіз...
Денсаулық саласы сын көтермейді... полиция дәрменсіз...
6 жыл бұрын 2718 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дамыған елдердің бірінен саналатын Швецияның шешімін таппаған мәселелері жетерлік. Ондай мәселелердің кейбіреуі, тіпті, түйткілге айналып кеткен. Танымал Bloomberg экономикалық ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, шведтер, былайша айтқанда, бәзбіреулерге "жұмақтың төріндей" көрінер "скандинавиялық социализмнен" (аталған елдегі қалыптасқан әлеуметтік жүйеден) қажығандарын жасырмайды. Шведтер ең әуелі салықтың жоғары болуы мен денсаулық жүйесінің жұмыс тәртібіне наразы. Тарқатып айтқанда, 90 күннен аса дәрігердің қабылдауын күткендердің немесе ота кезегінде тұрғандардың қарасы 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе артқан. Бүгінгі таңда мұндай пациенттердің саны 50 мың адамға жете-қабыл. 

"Дәрігерлер иығына түскен салмаққа төтеп бере алар емес. Соңғы жылдары көптеген медициналық орталықтар жабылып қалған. Осы себептерге байланысты аяғы ауыр әйелдердің өзі тиісті емін ала алар емес",- деді аталған ақпарат агенттігінің өкілі. 

Сондай-ақ, шведтер ел аумағында соңғы жылдары қылмыстың артып отырғанына алаңдаулы. Қылмыстың дені елге келген мигранттармен байланысты. Тұрақты жұмысы жоқ, азаматтық алмаған, күнкөріс, т.б. жағдаяттар мигранттарды түрлі қылмысқа итермелеуде. Полиция қылмыстың алдын алуда дәрменсіздік танытып отыр. 

Міне, осындай да осындай қордаланған мәселелермен бетпе-бет келіп отырған жайы бар шведтердің. 

0 пікір
Мұрағат