Cәби жөргектерінен улы заттар табылды
Cәби жөргектерінен улы заттар табылды
5 жыл бұрын 2385 24.kz

Францияда сәбилерге арналған кейбір жөргектердің ішінен улы заттар табылды. Мамандардың жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, жөргекте гербицид, глифосат, сонымен қатар косметикалық өнімде қолданылатын кейбір хош иісті көмірсутектер кездескен.

Жергілікті тұрғындар да бұған алаңдаушылық білдіріп отыр. Жергілікті билік мәселені шешу үшін өндіруші компанияларға екі аптадай уақыт берді.

Жерар Ласфарге, Anses санитарлық агенттігінің өкілі:

– Жөргектерге кейбір улы заттар ағартқан кезде қосылған болар. Өйткені бұл процесте хлор пайдаланылады. Өндіруші компанияға хлорды барынша азайтуды немесе мүлдем қолданбауды айттық.

0 пікір
Мұрағат