Бұл елде әр 10 минут сайын 1 баладан өлуде
Бұл елде әр 10 минут сайын 1 баладан өлуде
7 жыл бұрын 3006 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ЮНИСЕФ Йеменде су тазалайтын құрылғыларын орнатуға арналған ауқымды бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бұл шара өз кезегінде тазалықтың жоқтығынан пайда болған тырысқақ індетінің бетін қайтарады. Бұған қоса, аталмыш бағдарлама бойынша ауруханалар мен емханалар дәрі-дәрмектермен және медициналық құралдармен жабдықталады. Белгілі болғандай, соғыстың кесірінен Йемендегі денсаулық сақтау жүйесі күйреген. Қазіргі уақытта елде тек бірнеше аурухана ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзінде дәрі-дәрмек мен қажетті жабдықтар жетіспейді. Айта кетейік, Йеменде осы уақытқа дейін жүздеген адамның өмірін жалмаған тырысқақтан бөлек жұқпалы іш аурулары өршіп тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, бұл елде әр 10 минут сайын 5 жасқа толмағандардан 1 бала көктей солады.

0 пікір
Мұрағат