Бруней сұлтаны ең ұзақ билік еткен монарх атағын иеленді
Бруней сұлтаны ең ұзақ билік еткен монарх атағын иеленді
2 жыл бұрын 791 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бруней сұлтаны Хасан Баллқы әлемдегі ең ұзақ билік жүргізген монарх атанды. Бұған дейін бұл атаққа өткен аптада қайтыс болған Ұлыбритания патшайымы Елизавета II ие болған. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бруней сұлтаны таққа 1967 жылы отырды және оңтүстік-шығыс Азиядағы шағын елді 55 жылға жуық басқарып келеді. Ал ханшайым Елизавета II, салыстырсақ, таққа 70 жылдан астам уақыт отырған екен. Бүгінде ең ұзақ өмір сүрген монарх - Дания патшайымы Маргрете II. Елді 70 жылдан астам басқарған Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландияда қайтыс болды. Ол Ұлыбританияның және әлем тарихында ең ұзақ билік еткен монархтардың бірі ретінде қалатын болды.

0 пікір
Мұрағат