Болашақта жасанды интеллект соғыс құралына айналады – The Guardian
Болашақта жасанды интеллект соғыс құралына айналады – The Guardian
5 жыл бұрын 4071 Алтынай Қуанышбек

The Guardian басылымының колумнисі жасанды интеллектінің соғыс құралына айналуы, Американың осы жолда ізденістерге кірісіп кеткені туралы мақала жариялады. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Өткен айда 11 қыркүйек оқиғасына 17 жыл болды. Яғни, сол кезде дүниеге келген балалардың өзі бүгінгі таңда ер жетіп, күресуге қауқарлы жасқа жетті. Олар 2018 жылдың бірінші жартысында АҚШ-тың арнайы жасағы жаттығу жүргізген 133 мемлекетті айтпағанда, Ауғанстаннан басқа соғыс жүріп жатқан алты жерде әскери қызмет өтей алады. Дегенмен, Америка Құрама Штаттарының әскерилері соғыс жүргізу тактикасын өзгертіп, өздерінің мүмкіндіктерін арттыру үшін автоматтандырылған әдістер іздестіріп жатыр.

Әлемнің кейбір жерлерінде соғыс үзіліссіз жүріп жатыр. Ал Пентагон технологияға бөлінген қаражатты арттырды. Олар техникалық өндіріс ұсына алатын ең жаңа технологияларды иемденбек. Бұған америкалық әскерилердің соғыс жүргізудің автоматтандырылған әдісіне көшуге талпынысы дәлел бола алады.

Америка жақында өз тарихындағы ең ірі технологиялық сауда келісімін жасады. Бұл жүйе JEDI (the Joint Enterprise Defense Infrastructure), яғни бірлескен кәсіпорынның қорғаныс инфрақұрылымы деп аталады. JEDI – АҚШ-тың барлық жүйесіне қызмет көрсетуге арналған бұлтты есептеу жүйесін жасау жобасы. Ол бүкіл әлем бойынша Американың Вирджиниядағы сарапшыларынан бастап Нигериядағы сарбаздарына дейін қызмет көрсететін болады. Бұл келісімшарт 10 жылға жасалып,10 миллиард долларға бағаланып отыр. Сол себепті де болар, ең ірі технологиялық компаниялар бұл келісімшартты алу үшін күрес жүргізуде.

Бір қарағанда JEDI жасанды интеллектінің модернизацияланған бір жобасы секілді көрінуі мүмкін. Үкіметтік жасанды интеллектіні Пентагон қаржыландырады. Жалпы, қорғаныс ведомствосының цифрлық аумағы өте кең. Оның 3,4 миллион қолданушысы мен 4 миллион құрылғысы бар. Олардың тек белгілі бір бөлшегінің өзін бұлтты жүйеге көшіру жұмысты анағұрлым тиімді ете алады.

Дегенмен, JEDI жүйесін басқару – жасанды интеллектімен қарулануға пара пар. Себебі қорғаныс бөлімі бұл жүйені «алгоритмдік соғыс» деп атап кеткен. Әскерилердің мәліметтерін бұлтты платформаға енгізу және оларға анализ жасау арқылы JEDI Пентагонға жасанды интеллект бойынша өз амбицияларын жүзеге асыруға септесетін болады. Ал соңғы айларда бұл амбициялар масштабы тіптен артып кетті. Маусым айында Пентагонда Жасанды интеллектінің бірлескен орталығы (JAIC) құрылды. Бұл орталық жасанды интеллект бойынша жасалып жатқан 600-дей жобаны бақылайтын болады. Бұл жобалардың барлығына жоспарлы түрде 1,7 миллиард АҚШ доллары жұмсалады. Ал қыркүйек айында Пентагонның Қорғанысты зерттеу агенттігі (Darpa) алдағы бес жылда жасанды интеллектіні қару ретінде зерттеуге 2 миллиард долларға дейін қаржы инвестицияланатынын хабарлады.

Әзірге Пентагонның жасанды интеллектіге жұмсап жатқан шығыны ғана белгілі. Ал жобалар туралы ттолық мәліметтер аз. Олардың қатарында тіпті Терминатор стиліндегі адам өлтіргіш роботтар да болуы мүмкін. Олай болған жағдайда адам өлтіретін роботтарды жасауды тоқтату кампаниясы қол жеткізгісі келген мақсат, яғни, автономды қаруға тыйым салу шешімі қажет екені сөзсіз. Дегенмен, терминатор кейпіне енбесе де, жасанды интеллект соғыс құралына айнала бастады. Яғни, бүгінде жасанды интеллектімен жасақталған қарулар да бар. Ал соғыс болса, оның қандай қаупі туындауы мүмкін?

АҚШ-тың әскери бюджеті Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ұлыбритания, Жапониядан көп. Сонымен қатар бүкіл әлем бойынша АҚШ-тың 800-дей базасы бар. Яғни, АҚШ бұл салада өте қуатты және ол қуатын әлемнің кез келген түкпірінде пайдалана алуға қауқарлы.

Америкалық әскерилер адам өлтіре алады. Ең қиыны – кімді өлтіру керектігін таңдау. Дәстүрлі соғыс кезінде адам өзінің жауын өлтіреді. Ал шекарасы белгіленбеген шиеленісте, соғыс алаңы жоқ шиеленісте қарсылас кім? Бұл соғыстың тұрақты сұрағы. Бұл соғыстың кілті. Егер соғыс ракета болса, соғыстың мәңгі болуы – ең үлкен кемшілік.

Дегенмен, қарсыластың анықталмауы да белгілі бір проблемалар туғызады. Солтүстік Вьетнам картасына қарап тұрып, бомбалайтын орынды таңдап алу бір басқа. Ал бүкіл әлемдегі көптеген ақпараттың ішінен дронмен шабуыл жасайтын кандидат табу бір басқа. Яғни, бұл жағдайда нысанды табу тіптен қиын жұмысқа айналады. Дәл осы кезде жасанды интеллект көмекке келе алады. Бір сөзбен айтқанда, жасанды интеллект соғыстың ең қиын әрі ауыр жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Ал Пентагондағы Maven жобасы бұл идеяны іс жүзінде жүзеге асырып та жатыр. Cross-Functional Team от Algorithmic Warfare деп те аталатын Maven жобасын әскерилер жасаған. Ол бастапқы сатыда жасанды интеллект арқылы бейнероликтерді сканерлеп, бомбалайтын адамдарды, көлік құралдарын, ғимараттарды тауып береді.

«Бізде экрандағы видеоға 6, 7, 8, 9, 10, 11 сағат қарайтын сарапшылар бар. Дегенмен, Maven бұл жұмысты автоматтандырады да, мәліметтерді адамдарға ұсынады. Кейін бұл бағдарламаны дрондарға енгізіп, олар өздері нысанды анықтайтын деңгейге жеткізетін боламыз», - дейді жоба директоры, генерал-лейтенант Джек Шанахан.

Бұл технологгия нақтылықты арттырып, тұрғындар арасынан құрбан болатындар санын азайтуға септігін тигізеді ме? Иә. Пентагонның айтатын негізгі аргументі де осы. Дегенмен, жасанды интеллект жағдайына келгенде сақтық қажет. Себебі, адам бақылауы керек дүние дұрыс емес алгоритмдерге берілсе, жағдай қиын болмақ. Пентагон бомба лақтырғанда, оның кімнің басына түсетінін технологияға таңдатуға жол бергені жөн бе? Сонымен қатар, алгоритмдік соғыста америкалық әскерилердің ақ пейілді күш екеніне бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның сене қоймасы да анық. Тек қана 2017 жылдың өзінде АҚШ әскерилері Ирак мен Сирияда 6 мың бейбіт тұрғынды өлтірген болатын. Тіпті, АҚШ үкіметінің аз адамды қолға түсіру үшін үлкен жиындарға да бомба тастаған кездері болған еді. Ал Intercept баяндамасында бейбіт тұрғындар да кейде саналы түрде жаулардың тізіміне енгізіліп кететіні айтылған.

Алгоритмдік соғыс әскери өндірістік кешендегі үлкен технологияларды иемденіп, миллиардерлерге де үздіксіз соғысты қамтуға қуатты стимул береді. Жаулар табылып, ақша да жасалатын болады.

Яғни, бұл ретте проблема құралдың сапасында емес, оның қолданылуында жатыр. Ал жасанды интеллект мүлдем қатал болмақ. АҚШ кез келген жерден жауын көруі мүмкін. Ал жасанды интеллект оларды жылдам табуға көмектесетін болады. Сөйтіп, көп мәліметтер де адам өлтіреді.

0 пікір
Мұрағат