Биыл Иранда 4 млн. 120 мың тонна алма жиналған – бұл әлі шегі емес
|
Биыл Парсы елінің аумағынан 4 млн. 120 мың тонна алма жиналған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3%-ға артқан. Шиғалар елінің Ауыл шаруашылық жиһадының салқын және кептірілген жеміс басқармасының бас директоры Дараб Хасан осындай дерек келтірді. Бұл жайында islam.kz порталыIRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, жыл аяғында дейін бұл көрсеткіш 4 млн. 466 мың тоннаға жетіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ, ол өткен жылдан сақталған алмалардан 740 мың тоннасы экспортталғанын жеткізді. Иран жыл сайын 1-1,5 млн тонна алма экспорттайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ