Біріккен Араб Әмірлігі мен Иран қатынасы күрделі кезеңнен арылып келеді
Біріккен Араб Әмірлігі мен Иран қатынасы күрделі кезеңнен арылып келеді
2 жыл бұрын 1479 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран мен Біріккен Араб Әмірлігі Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілік пен тұрақты дамуды орнықтыру үшін екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растады. Бұл жайында islam.kz порталы Pars Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран ислам республикасының сыртқы істер министрі Әмір-Абдоллаһиан БАӘ-нің Шиғалар еліндегі елшісі Сайып әл-Зәбиді Теһранда қабылдады. БАӘ дипломатиялық миссиясының жетекшісі араға жеті салып барып, Парсы еліне оралды. Иран СІМ басшысы аймақтағы елдермен жылы қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді. Ал елші өз тарапынан екі тараптың да сауда-саттық және экономикалық байланысын жолға қою арқылы ынтымақтастықты нақты іс жүзінде тереңдетудің маңызына тоқталды. Осы орайда аталған екі тараптың арасындағы бірнеше жылға созылған салқын қатынастың 2021 жылдың соңына таман жіби бастағанын айта кетпекпіз. 2016 жылы Саудия билігі шиғалардың танымал діни қызметкерін терроризм бабы бойынша айыптап, өлім жазасына кескен еді. Саудияның бұл қадамы Иран аумағындағы шиғалардың ашу-ызасын тудырып, Теһран қаласындағы Саудия елшілігіне шабуылдаған болатын. Саудия Ирандағы елшісін шақырып алып, дипломатиялық қатынасын үзген еді. Осыған байланысты Саудияның одақтасы саналатын БАӘ де Иранмен арадағы дипқатынасын қысқартып, елшісін қайтарған болатын. 

0 пікір
Мұрағат