Бастауыш сынып өздеріне берілетін сабақтың санын және уақытты өздері белгілейді
Бастауыш сынып өздеріне берілетін сабақтың санын және уақытты өздері белгілейді
5 жыл бұрын 3120 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Голландияның бастауыш сынып (4-12 жастағы балаларға арналған) оқушылары өздеріне бірелітен сабақ саны мен уақытын өздері белгілейді. Бастауыш мектеп директорлары ұйымының уәдіне қарағанда, мұндай шара балалардың дамуына көп көмектеседі әрі жұмысбасты ата-аналарға да қолайлы болмақ. Бастауыш мектеп директорларының 80%-ы аталмыш бастамаға қолдау білдірген. Заң бойынша аталған елде мектеп жасындағыларға 8 жыл ішінде 7520 сағат сабақ беру қарастырылған. Сондай-ақ, заңда балалар аптасына 5 күн мектеп қабырғасында өткізу көзделген. Бұдан бөлек, каникулдың уақыты мен ұзақтығы нақты көрсетілген. Бастауыш мектеп директорлары ұйымы аталмыш заң талаптарының уақыт талабымен үндесе бермейтінін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат