Барак Обама: «Исламға қарсы еш соғысқан емеспіз, соғыспаймыз да!»
Барак Обама: «Исламға қарсы еш соғысқан емеспіз, соғыспаймыз да!»
2 жыл бұрын 917

АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында соғыстарының Исламға қарсы болмағанын айтты. «Біз, Америка Құрама Штаттары, Исламға қарсы еш соғысқан емеспіз, соғыспаймыз да. Ислам бейбітшілікті насихаттайды. Мұсылмандардың ар-намыстарына қол сұғылмайды, әділеттілік ішінде өмір сүретін болады. Ислам және АҚШ дегенде, «сіз-біз» дейтін ештеңе жоқ. Жалғыз «біз» ғана бар. Миллиондаған Америкалы мұсылман АҚШ-тың жасушалары іспеттес», – деді ол.
Обама ИСИМ террористік ұйымын да тілге тиек етіп өтті. «Бейкүнә жандарды өлтірген ұйымға қарсымыз. Бұл ұйымға тосқауыл болу үшін маңызды қадамдар жасауымыз керек. Әл-Каиданың Ауғанстанға жасағанындай шектен шыққан топтар Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс өлкелерінде де теріс бағытқа бет алды. Бұл аймақтар жұмыссыз жүрген жастардың тығыз орналасқан жерлер», – деді ол.
Оның айтуынша, ИСИМ-нің күшін әлсіретіп барып жою керек. «Қаншама аналар, бауырлар жауыздыққа душар болды. Бейкүнә балалар өлтірілді. Мұндай қылмыспен түсінісетін тіл тек күш қолдану ғана. АҚШ сол себептен де халықаралық коалициямен жұмыс істеуде. Ол жаққа құрлық әскерін жіберу ниетіміз жоқ. Мақсатымыз Ирақ пен Сирияға көмектесу», – деді Барак Обама.

0 пікір