Балалар соғысқа қатыспайтын болды
Балалар соғысқа қатыспайтын болды
2 жыл бұрын 1182 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы йемендік хуситтердің жеті жылға созылған азаматтық соғыста қолына қару алып ұрыс қимылдарына қатысып келген, кәмелет жасына толмаған балалардан жасақталған сарбаздарды босататынына келісімін бергенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, Саудия бастаған араб коалициямен арадағы соғысқа балаларды тартпауға немесе оларды қарулы қақтығыста пайдаланбауға, сондай-ақ, мектеп пен емханаларға шабуылдамауға уәде беріп отыр. БҰҰ өкілі  Степан Дюжаррик бұл келісім бойынша сарбаз балалар ары кеткенде алты ай ішіне үйіне қайтарылатынын жеткізді. Балалардың еңбегін қанауды былай қойғанда, оларды қарулы қақтығысқа араластыру ЮНЕСО-ның балалар құқыын қорғау жөніндегі халықаралық актілерге қайшы келеді. Бұл тарапта хусит тайпасымен келіссөз жүргізген БҰҰ сарапшыларының келтірген дерегіне қарағанда, Йемен аумағындағы соғысқа 3500-ге тарта бала қатысқан. Ал Associated Press мәлімет көзінің хабарынша, бір ғана 2018 жылы 1800-дей бала қарулы қақтығысқа тартылған. Олардың арасында әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған 10 жастағы балалар да бар. Десе де хусит тайпасының әскери өкілдері жасы 18-ге толмаған балаларды ұрыс қимылдарына жүйелі түрде тартылмағанын мәлімдеді. БҰҰ мағлұматы бойынша Йемендегі азаматтық соғыстан 10 200-ден аса бала ккөктей солған немесе мүмкіндігі шектеулі жанға айналған.

Ұқсас материал:

«Хуситтер соғысқа айдап салған балалардың 2000-дайы майдан даласында көктей солған» (https://islam.kz/kk/news/alem/husitter-sogysqa-aidap-salgan-balalardyn-2000-daiy-maidan-dalasynda-koktei-solgan-16349/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат