Балалар із-түссіз жоғалуда
Балалар із-түссіз жоғалуда
8 жыл бұрын 3059

Германия ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, мұсылман елдерінен келген 6 мыңдай босқын бала із-түссіз жоғалған. Осы ел аумағында. Жалпы саны 8006 босқын бала өткен жылы із-түссіз жоғалғандар санатына кірген. Олардың тек 2171-і ғана табылған. Жоғалған балалардыі 555-нің жасы әлі 14-ке толмағандар құраған. Аталмыш құзырлы мекеменің дерегі бойынша жоғалған балалардың арасында Ауғанстаннан, Сириядан, Эритериядан, Мароккодан және Алжирден келгендердің қарасы көп. Еурополиция өкілдерінің хабарлауынша, кәрі құрлықта соңғы екі жыл ішінде Еуропаға өз беттерінше келіп, жоғалған босқын балалардың қарасы 10 мыңнан асады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар адам ағзасымен сауда жасайтын және төсек қатынасында пайдалануды көздеген қылмыстық топтың құрығына іліккен.

0 пікір
Мұрағат