БАӘ тұрғындары дайын тағамның жартысын қоқысқа тастайтын болып шықты
БАӘ тұрғындары дайын тағамның жартысын қоқысқа тастайтын болып шықты
5 ай бұрын 833 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде тарихта алғаш рет азық-түлікті тұтыну мен залалсыздандыру тақырыбында кең ауқымды сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде аталған араб елі тұрғындарының жартысынан көбісі тағам қалдықтарын қоқысқа тастайтыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Khaleej Times ақпарат көзіне жөн сілтеген russianemirates.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлтар Ұйымының мәліметі бойынша аталған араб елінде дайын тағамның жалпы құны 6 млрд дирхамды құрайтын 40%-ын қоқысқа тастайды. Әлемде күн сайын шамамен 800 млн адам аш жатады. Бұл тарапта Ne'ma ұлттық бастамасы 2030 жылға дейін ас қалдығын 50%-ға дейін азайтуды алдына мақсат етіп қойған. БАӘ-дегі бұл бағыттағы сауалнамаға қатысқандардың 57%-ы ас қалдығы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді, деп есептейді. Респонденттердің 85%-ы ас қалдығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды проблема, деп санайды. Респонденттердің шамамен 57%-ы аптасына бір мәрте дайын асқа тапсырыс беретінін, ал 53%-ы қалған асты өзімен бірге алып кететінін жеткізген. Сауалнама нәтижесі БАӘ тұрғындарының жаңа піскен тағамдарды: нан мен нан өнімдерін (36%), көкөністерді (34%) және жеміс-жидекті (31%) қоқысқа тастауға бейім екенін көрсеткен. Құрамында көміртегі көп ет пен теңіз өнімдерінің ысырап болу ықтималдығы әлдеқайда аз. Респонденттердің жартысы азық-түлікті арзандаған кезінде немесе жапай сатылым кезінде сатып алғанды жөн көргенімен оларды қалай пайдалану керектігіне бас қатыра бермейтін болып шықты. 2020 жылғы Азық-түлік тұрақтылығы индексіне сәйкес БАӘ-нің әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 224 келі азық-түлікті ысырап етеді, бұл көрсеткіш Еуропа мен Солтүстік Америкадағы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары. Өздеріңіз білетіндей, БАӘ 2030 жылға қарай азық-түлік қалдықтарын 50%-ға азайтудың жалпы ұлттық жоспарын әзірледі. Кең ауқымды стратегия азық-түлік ысырапшылдығына қатысты қоғамның әдетін өзгертуге, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторларда неғұрлым тұрақты және экологиялық таза тәжірибені дамытуға бағытталған. Бүгінде күллі әлем бойынша қоқысқа тасталатын ас қалдығы екі млрд адамды тамақтандыруға жетеді.

0 пікір
Мұрағат