Азия кіндігі әлемдік державалар арасындағы геосаяси тартыс аймағына айналады
Азия кіндігі әлемдік державалар арасындағы геосаяси тартыс аймағына айналады
5 жыл бұрын 4792 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Азия кіндігінде, дәлірегі, Ауғанстандағы әлемдік державалар арасындағы үлкен тартыс ендігі жерде ауған-пәкістан аймағында ұласып отыр. ViewsAround геосаяси агентігінің бас редакторы Маниш Райдың жазуынша, бұл жолғы Пәкістан аумағына ауысқан тартыстан туатын геосаяси дағдарыстан күллі Азия зардап шегетін болады. Ұзақ уақытқа. «Белгілі болғандай, үлкен тартыс - XIX-XX ғасырларда Оңтүстік және Орталық Азия үшін Ресей мен Бриатния империялары арасында орын алған геосаяси жанжал. Қазіргі уақытта оның арты бірнеше ірі державалар (АҚШ пен оның батыстағы одақтастары, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан, сондай-ақ, Орта Азия, Иран, Саудия бастаған Таяу Шығыс, тіпті, Түркия мен Израил де бұл тартыстан шет қалмайды) арасындағы геосаяси текетіреске ұласып отыр. Мұның арты тек аймақтарға зардабын тигізіп қоймай, сонымен қатар, күллі әлемге, әлемдік экономикаға және қауіпсіздік жүйесіне зардабын тигізбек. Соңғы уақытта ауған-пәкістан аймағы тартыс қызған аймаққа айналған. Күллі Азия құрлығы шиеленістің шегіне жеткен. Елдер, аймақтар және экономикалар арасындағы көптеген ішкі талас-тартыс пен жанжал Азияны бөлшектіп бітті. Бұл арабтар мен израилдіктер арасындағы жанжал, иран-ирак соғысы, ислам жайлаған Азия мен солтүстік Африкаға үстемдік ету үшін Саудия мен Иран арасындағы соғыс, күллі Таяу Шығыс аймағындағы жанжал, т.б. атауға болады. Өзара сенімнің жоғалуы, бір-бірінің егемендігін сыйламауы, көршілес елдердің бейбітшілік пен тұтатастыққа ұмтылмауы Азияны геосаяси апаттарға апаратын себептерге айналған. Тартысқа тартылған АҚШ пен оның одақтастары, Ресей, Қытай, Жапония және Үндістан аталған құрлықты өз бақылауына алғысы келеді. Нәтижесінде барлық тарап орны толмайтын зардап шекпек. Десе де азиялық дағдарыстың ең етек алған аумағы ауған-пәкістан аймағы болып отыр. Жергілікті соғыс пен бітпейтін жанжал, партизандық қозғалыс, радикалдардың көбеюі, бүлікшілердің қаптауы, заңсыздық аталмыш аймақты әбден әлсіретіп жіберді. Ендігі жерде бейбітшілікті орнату, саяси тұрақтылыққа және экономикалық өсімге қол жеткізу әлдеқайда қиынға соқпақ. АҚШ секілді әлемдік державлардың сыртқы саясатындағы стратегиялық қателіктер аталған аймақты әлемнен оқшаулап, заңсыздыққа, хаосқа, анархияға, т.б. қарсы тұратын әлеуетін ойсыратып кетті. Бұл аймақта әлемдік державалардың кесірінен пайда болған геосаяси ваккум көрші жатқан Таяу Шығысқа, Орта Азияға, Ресейге, Қытайға, Үндістанға ойысуы мүмкін. АҚШ билігі пен тәліптер қозғалысы арасындағы бейбіт келіссіөз АҚШ-тың ендігі жерде Ауғанстанда қала алмайтынын көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде ауған жерінде трансұлттық түрлі лаңкестік топтардың күш алуына алып келуі мүмкін. Десе де Қытай осынау аймақтық әрі ғаламдық геосаяси дағдарыстың алдын алу үшін аса ірі жобаны бастады. Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» жобасы ауған мен пәкістан аймағындағы тартысты теретңдеткен басты фактор болып отыр. «Бір белдеу – бір жол» басьамасының артында Қытайдың тек әлемнің өндіріс орталығына айналу амбициясы ғана тұрған жоқ. Геосаясаттағы ең қауіпті күшке айналуына мүмкіндік беретін фактор.

(жалғасы бар) 

0 пікір
Мұрағат