Австралияда алғашқы инвестқор пайда болды
Австралияда алғашқы инвестқор пайда болды
2 жыл бұрын 676 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгіннен бастап, Австралия қор биржасында алғашқы исламдық инвестициялық қорлар саудасы басталды. Бұл жайында islam.kz порталы Finder.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ASX тізімінде биржалық қорлар: Hejaz Equities Fund және Hejaz Property Fund. Бұл - Австралиядағы алғашқы исламдық ETF. Аталған екі қор да өз қызметінде шариғат талаптарын сақтайды: құмар ойыны, темекі, ішмдік, доңыз еті, қару-жарақ саудасына, арсыздыққа бастайтын ойын-сауық және т.б. сияқты зиянды немесе азғын салалардағы компанияларға инвестиция салудан аулақ болады. «Біз австралиялық мұсылмандарды динамикалық және этикалық қаржылық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатына қарай маңызды қадам жасадық», - деді Hejaz инвестициялық фирмасының өкілі Мұзаммел Дхедхи. 

Ұқсас материал:

«Тағы бір мұсылман емес елде алғашқы ислами банк ашылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-musylman-emes-elde-algashqy-islami-bank-ashylady-17512/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат