Ауғанстан президенті тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды
Ауғанстан президенті тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды
6 жыл бұрын 3240 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әлдеқашан халықтың қолдауына ие болып, саяси күшке айналған тәліптер қозғалысын саяси партия ретінде тануға шақырды. Бұл жайында TOLOnews ақпарат көзі хабар таратты. Ауған басшысының мұндай қадамға баруына Сирия мен Шам жерінде сойқан салып келген содырлардың ауған жеріне ауғаны түрткі болып отыр. Яғни, ауған басшысы осылайша тәоіптерді өз жағына шығарып алудан басқа амал таппай отыр. Қайткен күнде де тәліптер әлемнің көптеген елдерінде террористік ұйым ретінде танылғанымен, ауғандықтар үшін ұлт азат етуші қозғалыс ретінде танылған. Бұл өз кезегінде ауған басшысына тәліптерді одақтасына айналдыруға "көзір" беретін себеп болайын деп тұр. Ол ол ма, Ауғанстан президенті тәліптерге азаматтық, яғни, төлқұжат беруге, олардың отбасына салынған шектеулердің алып тастауға пәрмен беруге дайын екенін де жеткізді. Өз жағына өткен тәліптердің қауіпсіздігіне де кепілдік беруге уәде етті. Сондай-ақ, елдегі саяси әрі экономикалық мәселелерде тәліптермен кеңесіп, келіссіөз жүргізіп отыруға уәде етті. Тәліптер әзірге ауған басшысының бұл ұсынысына жауап қайтарған жоқ. Тіпті, тәліптер ауған басшысының мұндай ұсынысына мұқтаж да емес. Өйткені, тәліптер "заңды" билікті мойындамайды. 

0 пікір
Мұрағат