Ата-анасының тұрмыс деңгейіне қарамастан бала 6 жасқа толғанша жәрдемақы берілетін ел бар
Ата-анасының тұрмыс деңгейіне қарамастан бала 6 жасқа толғанша жәрдемақы берілетін ел бар
5 жыл бұрын 2719 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылдың сәуір айынан бастап, Оңтүстік Кореяда бала алты жасқа толғанша жәрдемақы беріле бастайды. Бұл жайында кәрістердің YTN телеарнасы аталмыш елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ал кей жергілікті ақпарат құралдарының таратқан хабары бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, бала жеті жасқа толғанша жәрдемақы төленбек. Аталған министрлік өкілдері министрлер кабинетінің "Баласы бар отбасыларға ай сайынғы төленетін төлемдер туралы" заңға енгізілген түзетуді мақұлдағанын жеткізді. Жаңа енгізілген түзетуге сәйкес сәуір айының 25-нен бастап, бала алты жасқа толғанша ата-анасының табыс пен мүлік деңгейіне қарамастан 100 мың вон (88,57 доллар) шамасында жәрдемақы төленеді.

 
0 пікір
Мұрағат