Ашқұрсақ адамдардың қарасы бір миллиардқа жуықтап қалды
Ашқұрсақ адамдардың қарасы бір миллиардқа жуықтап қалды
6 жыл бұрын 5807 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде ашқұрсақ адамдардың қарасы шамамен 815 млн адамға жеткен. Бұл жайында Азық-түлік саясатын халықаралық зерттеу институты (IFPRI) жариялаған "Аштықтың ғаламдық индексі" деп аталатын соңғы баяндамасында айтылған. Аталмыш индекс бойынша әлемнің 119 мемлекетінің 52-нің маңдайына "ауыр", "алаңдатарлық" және "төтенше ауыр" деген "таңба" басылып, баға берілген екен. Аталған зерттеу нәтижесіне үңілсеңіз, аштықтың азабын ең қатты тартып отырған аймақ - Орталық Африка Республикасы. Мұндағы саяси ахуалдың тұрақсыздығынан, яғни, адамдардың кінәсінен осындай жағдай қалыптасып отыр. Аталған ел әлемдегң ең кедей елдердің қатарында тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша аталған ел тұрғындарының қажетін қанағаттандыру үшін 130 млн доллардың көмегі керек. Азық-түлік тапшылығынан аштық қатері анық төнген елдердің бірі - Конго демкоратиялық республикасы. БҰҰ-ның бүкіл әлімдік азық-түлік бағдарламасындағы дерекке қарағанда. Мұнда да адамдардың өздері кінәлі: қақтығыстан 3,8 млн адам ашқұрсақ таң атырып, ашқұрсақ кеш батырады. Ал БҰҰ-ның Балалар қоры келтірген мағлұмат бойынша аталған аймақта 770 мыңнан аса бала тойып тамақ іше алмайды, олардың 400 мыңына аштықтан өлу қаупі төніп тұр. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы әлемдік қауымдастықты әлемнің аштыққа ұшыраған 26 еліне бір миллиард доллар жинап беруге шақыруда. 

0 пікір
Мұрағат