Аса маңызды құжат жоғалды
Аса маңызды құжат жоғалды
7 жыл бұрын 4067 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құдыс халықаралық орталығының жетекшісі Хассан Хатер қасиетті Ақса мешітінен аса маңызды құжаттың жоғалғанын мәлімдеді. Ол бұл құжаттың жоғалуын (әлде қолды болуы) Құдыс үшін нағыз апатқа балады. Өйткені, аталмыш құжат қаланың тарихи бөлігіндегі мұсылмандардың мүлігін басқаратын ислам уақыптарының жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын растайтын құжат болатын. Хассан Хатер құжатты израилдік әскерилердің қолды қылғанына сенімді. Қасиетті мешітке мұсылмандарды кіргізбеген уақытта жолғалған. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Құдыс халықаралық орталығы израилдіктердің құжатын өз мүдделеріне пайдаланып кетуінен қауіптеніп отыр. 

0 пікір
Мұрағат