Аралас некеден туғандардың наным-сеніміне қатысты талап қойылды
Аралас некеден туғандардың наным-сеніміне қатысты талап қойылды
7 жыл бұрын 3172 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілі Татьяна Москалькова Түркия билігіне орыс пен түрік некесінен туған балалардың, егер шоқынған болса, оларды мектеп қабырғасында міндетті түрде оқытылатын ислам негіздеріне үйретпеу жайында талап қойды. Тарқатып айтқанда, сәрсенбі күні Мәскеу қаласында өткен Түрік республикасының ресми өкілі Шереф Малкочпен кездесуінде осындай талап қойды. "Мектептеріңізде ислам міндетті пән ретінде оқытылады, алайда, өркениетті мемлекеттерде наным-сенімі өзге балалар жергілікті халықтың дін негіздерін үйренуден босатылады. Соның ішінде, христиан балалары да. Сіз білім беру министрлігіне баланың шоқынғанын ата-анасы растаса, оны мұндай пәннен босату туралы өтініш айсаңыз екен",- деді ол. 

РФ-ның адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілінің бұл талабы өзге мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғу емес пе? Бұл - бір, екіншіден, оның талабы қаншалықты орынды? Татьяна Москалькованың бұл талабына түрік тарапы қалай жауап береді?

0 пікір
Мұрағат