Араб елінде туысқандарға көмек көрсетудің ережесі айтылды
Араб елінде туысқандарға көмек көрсетудің ережесі айтылды
5 ай бұрын 1102 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер отбасы мен туған-туысқандарына демеушілік жасай алады, яғни, қаржылай көмек көрсете алады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, ескерілуі тиіс мынадай талаптары бар:

Демеушінің ең төменгі жалақысы 4000 дирхам немесе жұмыс беруші тарапынан тұрғын үй берілетін болса, 3000 дирхамнан кем болмауы керек;

18 жастан асқан отбасы мүшелері міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Егер белгілі бір аурулар (АИТВ, В, С, Д гепатиті, туберкулез, мерез және ЖЖБИ-нің басқа түрлері) болса, виза берілмейді;

Демеуші резидент БАӘ аумағына кіргеннен кейін жанына алдырмақ болған ағайынына тұруға рұқсат визасын  алуған өтінішті 60 күннен кешіктірмей беруі тиіс тиісті орындарға;

Ата-анасына демеушілік көрсеткісі келсе, екеуін бөле-жармай бірдей көмек көрсетуі тиіс. Егер ата-анасы ажырасқан немесе олардың біреуі қайтыс болған болса, қажетті құжаттар тиісті орындарға өткізілуі керек;

Ата-анасына демеушілік жасаған кезде елде тұру визасы демеуші визасының жарамдылық мерзіміне қарамастан жыл сайын беріледі;

Шетелдік азамат қызы тұрмысқа шықпаған болса, жасына қарамастан оған демеуші бола алады;

Жынысына (яғни, ер немесе әйел) қарамастан өз ұлына 25 жасқа дейін ғана демеушілік жасай алады, егер ұлының ерекше қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі жан болса, жасына қарамай көмек көрсете алады;

Тұрғын өзінің асырап алған балаларына демеушілік көрсете алады, десе де әр бала үшін депозит төлеп, биологиялық ата-анасының жазбаша келісімін ұсынуы керек. Олардың тұру визалары бір жылға жарамды, дегенмен, жыл сайын ұзартылады;

Туысының тұруға ықтиярхаты демеуші тұрғынның тұру ықтиярхатымен байланысты. Егер демеуші отбасы мүшесінің визасы жойылса, демеушілік жасаған адамға елде тұруға тағы рұқсат алу үшін алты ай мұрсат беріледі. Егер демеуші өзінің асырауындағы адамдардың визасын ұзартпаса немесе жоймаса, оған айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат