Араб елінде авиабилетті криптовалютаға сатып алуға болады
Араб елінде авиабилетті криптовалютаға сатып алуға болады
2 жыл бұрын 1136 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің Emirates әуе компаниясы жолаушыларды тасымалдау ақысын биткоинмен төлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған компанияның бас операциялық директоры Әділ Ахмет ар-Редхаға жөн сілтеген Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол Emirates компаниясының көп ұзамай төлемақы ретінде биткоинды қабылдауды бастайтынын мәлімдеді. Ол ол ма, бұл әуе компаниясы өздерінің сайтына NFT-токенін де қосатынын жария етті. Бұған қоса, клиенттердің бұл тараптағы қажеттіліктерін қадағалап отыратын арнайы қосымша әзірлеуі мүмкін екенін де мәлім етті. Арабтардың аталған компаниясы битконинмен төлем жүргізу мерзімін әзірге хабарлаған жоқ.

0 пікір
Мұрағат