Араб елдерінің бірінде шоколадқа сұраныс артқан
Араб елдерінің бірінде шоколадқа сұраныс артқан
7 жыл бұрын 4698

Сауд Арабиясының астанасы – Ер-Рияд қаласында жуырда өткен кофе мен шоколадтың халықаралық көрмесінде белгілі болғандай, сарапшылар аталған ел нарығындағы тұтынушыларға қатысты мынадай статистикалық мәліметті келтірген: Сауд Арабиясында шоколодқа деген сұраныс 20 пайызға артқан. Сарапшылар мұны әлемдік экономикалық дағдарыспен және тұрмыстық-әлеуметтік түйткілді мәселелермен байланыстырып түсіндіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, экономикалық дағдарыс кезінде адамдар жейтін нәрсемен өздерін алдарқатуға әуес көрінеді. Оның ішінде, тәтті тағамдардың орны ерекше. Мәселен, еуропалықтар шарап ішіп, көңіл көтерсе, мұсылмандар дінімізде рұқсат етілген тәттілерге үгіретін көрінеді. Бұл жайында IslamNews порталы Asharq al-Awsat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш шара барысында сарапшылар Сауд Арабиясында жаңа салттың кең етек жайып келе жатқанын алға тартып отыр: бұрын шайды немесе құрмамен кофе ішуді қанағат ететін арабтар ендігі жерде кофені құрмамен емес, шоколадпен ішкенді жөн көреді екен. Айта кетейік, шоколад импорты бұл елде 26 мың тоннаға жеткен. 

0 пікір
Мұрағат