Араб әлеміндегі ең ықпалды тұлға анықталды
Араб әлеміндегі ең ықпалды тұлға анықталды
4 жыл бұрын 2086 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Араб Әмірлігі қарулы күштері қолбасшысының орынбасары, Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, шейһ Мұхаммед бен Заед әл-Наһайан араб елімінің ең ықпалды тұлғасы атанды. Russia Today TV телеарнасы жүргізген дауыс беруде ол 9,74 млн дауыспен ең ықпалды тұлғалар арасында көш бастаған – жалпы дауыстың 68,6%-на ие болды. Араб әлемінің ең ықпалды тұлғасын анықтауға қатысты жүргізілген дауыс беруге 14 млн адам қатысқан. Мұхаммед бен Заед әл-Наһайан осылайша Саудия королін, Иордания королі Абдолла ІІ-ні, Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманды, Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сисиді артқа тастаған. Әбу-Даби ханзадасы мұндай биік мәртебеге ізгілік идеясын кеңінен насихаттау арқылы, толеранттылығы арқасында, бірқатар дағдарыстың шешілуіне әсер еткен бейбітсүйгіш мінезімен, ғылым мен білімге ерекше құштарлығымен ие болды. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталсақ, атап айтқанда, мәселен, өткен жылдың ақпан айының 4-і күні Әбу-Дабиде оның ізгі бастамасымен адамзат бауырластығы туралы құжат қабылданды. Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжалды шешуге атсалысып, қараша айының 5-і күні Йемен үкіметі мен Оңтүстік өтпелі кеңес арасындағы «Ер-Рияд келісімінің» бекітілуіне ықпал етті. Сондай-ақ, Эфиопия мен Эритерия арасындағы ұзақ уақытқа созылған қарулы қақтығысты болдырмауға (2018 жылы) атсалысты. Бұл жайында Gulf News ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат