АҚШ-тың "тілін алмай" қыруар қаржыдан қағылды
АҚШ-тың "тілін алмай" қыруар қаржыдан қағылды
6 жыл бұрын 2842 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі террористермен күреске арналған, Пәкістанған бөлінуі тиіс кем дегенде 900 млн долларды аудармады. Бұл жайында Пентагонның әскери ынтымақтастық басқармасының өкілі Патрик Эванс мәлім етті. Оның айтуынша, аталмыш шешім Пәкістанға қауіпсіздік саласы бойынша берілетін қаржылық жәрдем екі бағытты қамтиды: Пентагон желісі бойынша лаңкестерге қарсы АҚШ бастаған коалицияны қолдау қоры арқылы және өзге мемлекеттерге әскери көмек көрсетуді реттейтін мемлекеттік департамент желісі арқылы. Бұған қоса, шетелдік әскери көмек көрсету аясында 2016 жылы Пәкістанға уәде етілген 255 млн долларды да аудармай отыр. Бұл қомақты қаражат пәкістандықтардың америкалықтардың қару-жарағын сатып алуға арналғанын айта кету керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Хезер Науэрттің жасаған мәлімдемесінде айтылғандай, Пәкістан билігі ауғандардың тәліптер қозғалысына және пәкістандық "Хаккани желісі" деп аталатын тобына ымырасыз майдан ашпайынша, АҚШ тарапы аталған елге қаржылай қолдау көрсетуден бас татады. Айта кетейік, АҚШ билігі Пәкістанға соңғы 15 жылда осы мақсатта 33 млрд долларын құртқан екен. Америкалықтар зая кеткен қаржысына өкініп отыр. Бүгінгі таңда террористер кейбір алпауыт елдердің қолшоқпарына айналып отырғаны жасырын емес. Сирия мен Шам жерін қанға бөктірген лаңкестер АҚШ-тың ықпалымен құрылғаны әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып жүр. Батыс елдері террористер деп танып, олармен күресуге қыруар қаржы бөлгенімен шын мәнінде олар лаңкестер ме? Бұл өз алдына бөлек тақырып. Лаңкестермен күреске емес, яғни, салдарымен емес, себептерімен күресуге неге қаржы бөлмейді? Сауал көп, жауап жоқ. Жауабы бар, бірақ, саясат дейтін астары қалың мұздақтың астында бүркеулі жатыр.

0 пікір
Мұрағат