АҚШ ғалымдары ерекше құрылғы ойлап тапты (видео)
АҚШ ғалымдары ерекше құрылғы ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 2834 24.kz Е.Қашқынов, Ә.Сахип

АҚШ ғалымдары донордан алынған өкпедегі жарақаттарды тез жазатын құрылғы ойлап тапты. Мамандар бұл технология науқастардың өмірін ұзартуға септігін тигізеді деп сенеді. Мамандар донордан алынған өкпені көмекке зәру науқасқа салардан бұрын құрылғыда бірнеше сағат сақтайды. Жаңа құралдың адамның дене мүшесіндегі ақауды тез қалпына келтіретін ерекше қасиеті бар. Варун Пури, Вашингтон университетінің профессоры: - Өкпе қанға оттегін жеткізіп, ағзадан көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Сондықтан олар үнемі күйзеліс жағдайында болады. Ал донорлық өкпені аппараттың ішіне салып, тынықтырып алуға толық мүмкіндік бар. Мишель Коулман осы құралдың арқасында аман қалғандар адамның бірі болып табылады. Темекіге әбден тәуелді болған оған дәрігерлер созылмалы өкпе ауруына шалдыққан деген диагноз қояды. Мишель енді тірі қалуым екіталай деп өмірден күдер үзе бастаған болатын. Бірақ, ғалымдар тосыннан қоңырау шалып, оған жаңа құрылғыны сынақтан өткізу шарасына қатысуды ұсынады. Мишель Коулман, науқас: - Түңіліп кеттім. Бірақ, жасымды ұзарту үшін кез келген ұсынысты қабылдауға әзір едім. Дәрігерлер маған тәжірибелік емнен өткізілген өкпені салып еді, құлан таза айығып кеттім. Қуанышымда шек жоқ. Статистика бойынша донордан алынған өкпелердің біраз бөлігі қайта салуға жарай бермейді. Операциядан соң, өмірмен қош айтысып жатқандар да аз емес. Америкалық ғалымдар жаңа құрылғы өкпеден келетін өлімнің қатарын азайтуға сеп болады деп сенеді.

 

0 пікір
Мұрағат