Әлі күнге адамдар құлдыққа жегілетін 8 сала
Әлі күнге адамдар құлдыққа жегілетін 8 сала
4 жыл бұрын 2549 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

19-шы ғасырда тарих сахнасынан біржола қарасын батырды деген әлеуметтік жат құбылыс әлі күнге ескінің елесіндей көлбеңдеп қалмай келеді. Сонау ежелгі Мысыр жерінде бастау алған құлдық бүгінгі таңда басқаша сипат алған. Көне заманда мәжбүрлеумен құлдыққа жегілсе, бүгінгі таңда адамдар күнкөрісі үшін өз еркімен барып құлдық қамытын киеді. Тіпті, ежелгі дәуірге қарағанда бүгінде құлдар қарасы көп. Бүгінгі таңда, сарапшылардың есебінше, құлдардың қарасы әлемде 40 млн адамға жеткен. Тек ересектер ғана емес, сонымен қатар, құлдық қамытын киген балалардың қарасы да көп. Сонымен қай салаларда құлдар еңбегі пайдаланылады? 

Теңіз өнімдері 

Дамыған елдердің тұрғындары деликатес ретінде теңіз өнімдерін көп тұтынады. Алайда, олар теңіз өнімдерінің қалай ауланатынын немесе өндірілетінін біле бермейді. Теңіз өнімдеріне деген жылдан жылға артып келе жатқан  сұранысты қанағаттандыру үшін әрі сонымен бір мезгілде теңіз қорының азаюы өз кезегінде адам еңбегін қанауға, құлдыққа жегуге әкелуде. Адамдар аса қауіпті әрі ауыр еңбек жағдайында, кейде ашық теңізде әлемнен оқшауланып, бастарын қатерге тігеді. Құлдыққа жегілу тек балық немесе өзге теңіз жануарын аулаумен шектелмейді, сонымен қатар, теңіз өнімдерін өңдеу саласында да кездеседі.

Есірткі 

Жалпы есірткі заңсыз сала болғандықтан бұл салада адамдарды құлдыққа салу секілді заңсыздық белең алатыны «заңдылық». Бүгінгі  таңда аталмыш салада 13 мың адам құлдыққа жегілген. Әсіресе, қытай мен Вьетнам секілді оңтүстік-шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағындағы елдерден аталмыш сала бойынша құлдыққа жегілгендер қарасы көп. 

Киім-кешек 

Киім-кешек саласы да құлдықтан ада емес. Бұл арада күллі әлемді киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған Азия мен Африка құрлығындағы құлдар турасында сөз болып отыр. Шығыны мол сала болғандықтан құлдар еңбегі пайдаланылады. Мәселен, G20 елдері жылына 127,7 млрд доллардың киімін импорттайды. Бұл саланың бір проблемасы бар – шығын көп, яғни, қайта өңдіру, өңдеу көп уақытты алғанымен қоймай, қанша материал жарамсыз боп қалады. Мәселен, Ellen MacArthur Foundation есебі бойынша жылына шамамен 53 млн тонна киім тігіледі. Алайда, олардың 70%-ы қоқысқа тасталады. Шектен тыс тұтыну шектен тыс өндіруге жол ашады, сонымен қатар, құлдар еңбегін пайдалану қатерін арттырады. 

Өрт сөндіру 

АҚШ конституцияға енгізілген 13-ші түзетуде құлдықтан бас тартқанда тұтқындардың еңбегін еркінен тыс пайдалануға мүмкіндік беретін жолдар сақталып қалған еді. Яғни, федералды немесе жергілікті билік тұтқындардың еңбегін олардың келісімінсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциядағы аталмыш түзету 150 жылдан аса уақыт өрт сөндіру секілді адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті салада пайдаланылып келеді. Кен орнында тек ересек құлдардың ғана еңбегі пайдаланылмайды, сонымен бірге, балалар да құлдыққа жегілген. Тек бір ғана Конго демократиялық республикада 40 мың бала кен орнында таң атырып, кеш батырады.

Батарейка 

Батарейка тек телефондарда ғана емес, сонымен қатар, электрокар, т.б. техникалық бұйымдарда пайдаланылады. Бұл салада да құлдыққа жегілгендер қарасы көп. Батарейка – осы заманды онсыз елестете алмайтын тек энергия көзі ғана емес, сонымен қатар, батарейка өндірісі лития мен кобальт секілді қазба байлықтар өндірісімен тығыз байланысты. Қауіпті еңбек жағдайында улы ауаны жұтып, олардың дені көктей солады. 6 жастан асқан балалар еңбек етеді. 

Кофе 

Өкінішке қарай, кофеге жылдан жылға сұраныстың артуы өз кезегінде арзан жұмысшы күшін пайдалануға итермелейді. Бұл арада Оңтүстік Америкадағы болмашы тиын-тебен үшін кофе плантацияларында бел жазбай бейнет шеккендер турасында сөз болып отыр. Мәселен, 2018 жылдың қыркүйек айында жүргізілген тексеру барысында Бразиялиядан кофе алқабы табылған болатын. Starbucks компаниясына тиесілі. «Құлдық еңбектен азат» деп саналған аталмыш компания 15 адамды құлдыққа ұстаған. Бұл белгілісі ғана. Бұл плантацияларда да балалар еңбегі қаналады. Плантациялардағы жұмысшыларға берілетін жалақы мөлшері кофенің нарықтағы бағасының тек 2%-ы ғана беріледі. 

Алтын

Алтын есте жоқ ерте заманнан маңызды металл саналады. Бүгінде оның құны жоғары. Сол себепті, алтын өндірісінде құлдар еңбегі барынша пайдаланылады. Мұнда да балалар еңбек қауіпсіздігі сақталмайтын, ауыр кен орнында құлдыққа жегіледі. Әсіресе, Африкада, Оңтүстік Америкада және Азияда. Алтын тек зергерлік бұйымдарды жасауда ғана пайдаланыламайды, сонымен қатар, электрлік құрылғыларда да кеңінен қолданылады. Сол себепті, алтынға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Соған сәйкес бұл салада да құлдыққа жегілетіндер қарасы артады. 

Шоколад 

Шоколад – ең көп тұтынылатын тәтті. Өкініше қарай, мұнда да құлдар еңбегі, соның ішінде балалар еңбегі пайдаланылады. Бұл арада Бразилия, Камерун, Гана, Гвинея, Сьерра-Леон, Кот д'Ивуар және Нигерия секілді елдер турасында сөз болып отыр. Бір ғана Нигерия мен Кот д’Ивуар аумағында 2,3 млн бала плантацияларда еңбекақысыз жқмысқа жегілген. Өйткені, аталған африкалық елдер кедей болғандықтан балалар еңбегі қаналады. Кофе брандіне айналған Nestlé, Hershey, Cargill, ADM және Barry Callebaut компаниялары бұл сорақылыққа көз жұма қарап отыр. Балалардың тегін еңбегін пайда көріп. Африкадағы плантацияларда жұмыс істейтін ересектердің еңбекақысының орташа мөлшері күніне 2 доллардан аспайды.

(Материал vesti.ru ақпарат көзінде жарияланған дерек негізінде дайындалды)

0 пікір
Мұрағат